Үкімет Алматы мен Алматы облысының экономикалық бағыттарының 2015 жылға дейінгі ұзақ мерзімді тұжырымдамасын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет Алматы мен Алматы облысының экономикалық бағыттарының 2015 жылға дейінгі ұзақ мерзімді тұжырымдамасын мақұлдады

Үкімет Алматы мен Алматы облысының экономикалық бағыттарының 2015 жылға дейінгі ұзақ мерзімді тұжырымдамасын мақұлдады

Астана. 23 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Үкіметтің бүгін өткен отырысында Алматы мен Алматы облысының экономикалық бағыттарының 2015 жылға дейінгі ұзақ мерзімді тұжырымдамасы мақұлданды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 23 Қыркүйек 2008
  • 531
Фото - Caravan.kz

ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтановтың үкімет отырысында атап өткеніндей, тұжырымдаманың мақсаты — еліміздің біртұтас экономикалық даму орталығы ретінде Алматы мен Алматы облысының ұлттық және әлемдік нарықтардағы бәсекеге қабілетті мамандану бағытын қалыптаст ырып дамытуға мүмкіндік беретін экономикалық позициясының басты бағыттарын айқындау болып табылады.

Құжаттың басты мақсаттары — еліміздің бір «өсу полюстері» ретінде және экономикалық маманданудың келешегі бар салаларын анықтап дамыту арқылы Алматы өңірінің республикалық, өңірлік және әлемдік нарыққа интеграциялануы үшін Алматы мен Алматы облысының өзара тығыз сабақтаса дамуын қамтамасыз етуге саяды.

Тұжырымдамаға сәйкес, Алматы өңірі ұлттық, өңірлік және әлемдік нарықтарда халықаралық қаржы орталығы, туристік және спорт орталығы, бастабында ұлттық, келе-келе халықаралық маңызы бар көлік-логистикалық және сауда-сервистік қызмет орталығы, ғылыми-инновациялық және индустриялық-сервистік орталық ретінде танылатын болады, деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар