Жарияланды: 400

Үкімет «Ақпараттық Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасының жобасын қабылдады

Үкімет «Ақпараттық Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасының жобасын қабылдады

Бүгін Үкімет отырысында «Ақпараттық Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасының жобасы қабылданды.

Аталған құжатты әзірлеу мәселесі бойынша сөз сөйлеген ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбайдың атап өтуінше, отандық ақпараттық-мәдени кеңістіктің дамуы Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында айтылғандай - қоғамның әлеуметтік жаңғыртылуының бір құрамы болып табылады. «Осыған орай, «Ақпараттық Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасының жобасымен осы мәселеге арналған және оның ішінде қызметтің 4 маңызды бағдары көрсетілген тарау қарастырылған»,-деді ол. Министрдің атап өтуінше, олар: мәдени саладағы ақпараттық-желілік технологиялардың дамуы, отандық бұқаралық ақпарат құралдарының жаңғыруы, отандық ақпараттық контентті өндіруге ынталандыру және мемлекеттің қызметін ақпараттық сүйемелдеу.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін