Үкімет Астананың мәртебесі туралы заңның жаңа редакциясын парламентке ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет Астананың  мәртебесі туралы заңның жаңа редакциясын парламентке  ұсынды

Үкімет Астананың мәртебесі туралы заңның жаңа редакциясын парламентке ұсынды

АСТАНА. 12-мамыр. Kazakhstan Today. «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» заңның жаңа редакциясы парламентке енгізілді.

  • 13 Мамыр 2006
  • 495
Фото - Caravan.kz

Заң жобасы туралы қаулының кіріспесінде көрсетілгендей, қазіргі қолданыстағы «Астананың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңы Елордасының Қазақстанның астанасы ретінде қалыптасуы үшін жеткілікті жағдай жасады. Ал заңның жаңа редакцияда қабылдануы қаланың одан әрі үдемелі дамуын қамтамасыз ету үшін құқықтық негіз және экономикалық кепіл бола алады.

Жобаны әзірлеушілердің түсініктемесі бойынша, заң жобасы жергілікті басқару органдарының міндетін нақты айқындайды, жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың өкілдігін кеңейтуді көздейді, жер қатынастарын толық регламенттейді.
Бұдан басқа, заң жобасы қабылданған жағдайда мемлекеттік бюджеттен қосымша шығын талап етілмейді, астана үшін айрықша болып табылатын міндеттер тізбесі нақты анықталады.

Жоба Елбасының «Астана қаласының тұрақты дамуының 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспары туралы» жарлығын орындау мақсатында дайындалды. Аталған жарлықты жүзеге асыру аясында Астананы дамыту жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған іс-шаралардың арнайы жоспары бекітілді.

Перейти к новостям спорта