Үкімет ауылдағы интернеттің тарифі жайлы мәселені әлі шешкен жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет ауылдағы интернеттің тарифі жайлы мәселені әлі шешкен жоқ

Үкімет ауылдағы интернеттің тарифі жайлы мәселені әлі шешкен жоқ

Ауылдарға интернет тарту жөніндегі жоба мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктер арқылы жүзеге асырылады, алайда тариф мәселесі әлі де ашық күйінде қалып отыр, деп хабарлады Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.

  • 26 Қыркүйек 2017
  • 192
Фото - Caravan.kz

Сүлейменовтың айтуынша, ауылдарға интернет тарту жобасы ұзақ мерзімді қызмет көрсету келісім шартын сатып алу арқылы жүзеге асырылады. Оған қоса, конкурс барысында жеңіп шыққан инвестор үш жыл көлемінде әр тоқсан сайын ауылдарға интернет желісін тартады. 

"Екінші жағынан алғанда 10-14 жылға созылатын ұзақ мерзімді тарифтерді анықтау мәселесі туындайды. Осылайша, бұл мәселенің техникалық және технологиялық тұстары мен тариф құру жайын анықтап алу қажет. Конкурс кезінде ең арзан тариф таңдалатын болады", — деді Сүлейменов үкімет отырысында. 

Өз кезегінде "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев оларға мерзімдік тариф маңызды, себебі ол қаражатты сенімді түрде инвестициялауға мүмкіндік беретінін айтып өтті. 

"Біз Қазақстанның даму банкімен бірге инвестиция жайын қарастырдық. Бізде дайындық бар, қажетті желінің ұзындығы 26 мың шақырымға созылады", — деп қосты Есекеев.

Тұтастай алғанда, ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Даурен Абаевтың айтуынша Қазақстанның 122 қаласы мен 1200 ауылында жоғары жылдамдықтағы интернет бар. ендігі кезекте 1700 ауылдық жерлерге интернет желісін тарту жоспарланып отыр. 


"Яғни, екі миллионнан астам адам интернетке қол жеткізеді. Ауылдардың тізімін біз Ұлттық экономика министрлігімен бірге қарастырып жатырмыз", — деді Абаев.

Бұл жоба 2018-2020 жылдары жүзеге асыруы тиісті. Жоспар бойынша 2021 жылға дейін талшықты-оптикалық байланыс желісі өткізіліп, ауылдардағы жергілікті атқарушы органдар, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінің интернетке қосылу мүмкіндігі болады. 

 

Соңғы жаңалықтар