Үкімет бағаны бақылаудан түбегейлі бас тартпақ - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет бағаны бақылаудан түбегейлі бас тартпақ

Үкімет бағаны бақылаудан түбегейлі бас тартпақ

Ұлттық экономика министрлігі 2017 жылдан бастап дүкен сөрелеріндегі барлық тауардың бағасын еркіндікке жібергелі отыр. Тіпті, коммуналдық қызмет: су, жылу, жарық құнын да нарық өзі реттейтін болады.

  • 5 Желтоқсан 2015
  • 236
Фото - Caravan.kz

Бұдан баға көтерілмейді дейді жауаптылар. Керісінше, бизнесмендердің бәсекелестігінен тауар құны арзандайды деп сендіріп отыр. Сондықтан үкімет кәсіпкерлерге толық еркіндік беріп, бәсекеге сай жұмыс істеуге жағдай жасамақ. Оның үстіне қазіргідей қымбатшылықты қолдан болдырмау  бизнестің дамуына кедергі келтіріп отыр екен. Ал тауар құнының негіссіз қымбаттауына жол жоқ. Үкімет бағаны реттеуден бас тартқанымен, монополияға қарсы агенттік жұмысын күшейтеді. Яғни өзара келісіп, тауар немесе қызмет құнын шарықтатқан бизнесмендер жазаға тартылмақ. Айта кетейік, жақында жанармай бағасы да еркін айналымға жіберілген болатын. Бірақ оның құны әзірге сол қалпында тұр.

Серік Жұманғарин, ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы:

-Бүгінде табиғи монополияларды реттеуден басқа, теміржол тасымалы, азаматтық авиация, газ, электр энергиясының құны да  бақылауда. Жақында біз ішкі әуе тасымалын қадағалаудан босаттық. Бұдан әуе компаниялары бірден билеттің құнын қымбаттатқан жоқ.  

Соңғы жаңалықтар