Үкімет Балтық елдерінен келетін консервіге тыйым салды

Себебі, ветеринарлық бақылау комитеті бірқатар талаптардың бұзылғандығын анықтаған. Дәлірек айтқанда, Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне қатысты ветеринарлық-санитарлық ережелер сақталмапты. Консервілердегі бензапирен мен өзге де қауіпті заттардың мөлшері шамадан тыс болған. Енді олқылықтар жойылғанша Балтық елдерінен келген өнім дүген сөрелерінен түгел алынбақ. 

Loading...