Үкімет бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы проблемаларды шешу жөніндегі ұсынысты президент қарауына ұсынбақ - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы проблемаларды шешу жөніндегі ұсынысты президент қарауына ұсынбақ

Үкімет бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы проблемаларды шешу жөніндегі ұсынысты президент қарауына ұсынбақ

  • 26 Қаңтар 2007
  • 507
Фото - Caravan.kz
АСТАНА. 26-қаңтар. Kazakhstan Today. Үкімет бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы проблемаларды шешу жөніндегі ұсынысты президент қарауына ұсынбақ. Бұл туралы бүгін облыс әкімдерінің қатысуымен өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.
«Аталмыш саладағы жұмысты жақсарту — бұл біздің қызметіміздің беделі. Үкімет әкімдермен бірлесе отырып, аталмыш саладағы нақты ұсыныстарды президент қарауына ұсынбақ»,- деді К. Кәсімов. 
Үкімет басшысы «бүгінде мемлекеттік органдардың бәсекелестік шектеулерімен күресуге және нарық субъектілерін жағымсыз бәсекелестіктен қорғауға үнемі мүмкіндіктері бола бермейді», деп атап өтті. 
«Менің көзқарасым бойынша, оған заңдардың қанағаттандырмауы себеп болып отыр. Бәсекелестікті шектеу және нарық мүшелерінің өз араларынан алдын ала бәтуәласу дерегін анықтаудың нақты механизмдерінің болмауы, бәсекелестік ортаны шектейтін келісімдер жарамсыз деп танылмайды», — деді К. Мәсімов. 


     
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта