Үкімет басшысы 1 қарашаға дейін жерді түгендеу жұмыстарын аяқтауды тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы 1 қарашаға дейін жерді түгендеу жұмыстарын аяқтауды тапсырды

Үкімет басшысы 1 қарашаға дейін жерді түгендеу жұмыстарын аяқтауды тапсырды

Үкімет басшысы 1 қарашаға дейін жерді түгендеу жұмыстарын аяқтауды тапсырды. Мұндай тапсырманы Премьер-министр Кәрім Мәсімов бүгін Үкімет отырысы барысында берді.

  • 13 Маусым 2011
  • 378
Фото - Caravan.kz

«Бұл жұмысты жеке бақылауға алып, ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейін тыңғылықты ұйымдастырып, аяқтау қажет. Облыс әкімдері түгендеу жүргізу бойынша нақты жоспар бекітіп, бұл мәселеде жеке жауапкершілікті анықтауы керек», — деді К.Мәсімов.

Өз кезегінде Премьер-министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев тексеру барысында ең алдымен жерді тиімді пайдалануға баса назар аудару қажеттігін атап өтті.

«Бұның барлығы заңнамаға енгізілетін болады. Екінші жағынан қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрі жерді тиімді пайдалану үшін жауапкершілікті арттыру бойынша өте тиімді ұсыныстар әзірлеуде», — деді ол.

Сонымен қатар Салық кодексіне өзгерістер енгізу мәселесі қарастырылып жатқандығын айтқан Ө.Шөкеев: «Менің ойымша, таяу уақытта Үкіметте қарастыратын боламыз және бұл жер учаскелерін ретке келтіруге зор серпін береді», — деді ол.

Соңғы жаңалықтар