Форумға қатысушылар Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының аймақтық даму бағдарламасын талқылайды. Сондай-ақ, форумға қатысушылар өзара пікір алмасып, еліміздің жаңаша экономикалық даму бағыттарымен танысады.
Ұйымдастырушылардың болжамына сәйкес, екі күндік бас қосуға 300-ден астам өкіл шақырылған. Шараға батыс өңірдегі барша ірі кәсіпорындардың басшылары, республикалық даму институттарының өкілдері мен кәсіпкерлер қатысады.
Әкімшілік ақпаратына сәйкес, 13-сәуір күні түстен кейін үкімет басшысы «Спарта» ағаш өңдеу комбинатының тұсаукесеріне қатысып, «ҚазақстанҚұбырӨнеркәсібі» ЖАҚ-на қарасты жаңадан салынып жатқан тұрғын үй құрылысымен танысады. Сондай-ақ, Ақтөбелік сәулетшілер үкімет басшысына Ақтөбенің жаңа бас жоспарының жобасын таныстырмақшы.