Үкімет басшысы Ақтөбеде өтетін аймақтық экономикалық форумға қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы Ақтөбеде өтетін аймақтық экономикалық форумға қатысады

Үкімет басшысы Ақтөбеде өтетін аймақтық экономикалық форумға қатысады

13-сәуір, сейсенбіде Ақтөбеде аймақтық алғашқы экономикалық форум өтеді. Шараны үкімет басшысы Даниал Ахметов ашады деп күтілуде. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 12 Сәуiр 2004
  • 485
Фото - Caravan.kz

Форумға қатысушылар Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының аймақтық даму бағдарламасын талқылайды. Сондай-ақ, форумға қатысушылар өзара пікір алмасып, еліміздің жаңаша экономикалық даму бағыттарымен танысады.

Ұйымдастырушылардың болжамына сәйкес, екі күндік бас қосуға 300-ден астам өкіл шақырылған. Шараға батыс өңірдегі барша ірі кәсіпорындардың басшылары, республикалық даму институттарының өкілдері мен кәсіпкерлер қатысады.
Әкімшілік ақпаратына сәйкес, 13-сәуір күні түстен кейін үкімет басшысы «Спарта» ағаш өңдеу комбинатының тұсаукесеріне қатысып, «ҚазақстанҚұбырӨнеркәсібі» ЖАҚ-на қарасты жаңадан салынып жатқан тұрғын үй құрылысымен танысады. Сондай-ақ, Ақтөбелік сәулетшілер үкімет басшысына Ақтөбенің жаңа бас жоспарының жобасын таныстырмақшы.

Соңғы жаңалықтар