Жарияланды: 460

Үкімет басшысы Астана қаласының жаңа орталығының құрылыс барысына бақылау жасау жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді

Астана. 10 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов бүгін Астана қаласының жаңа орталығының құрылыс барысына бақылау жасау жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеңеске қатысушылар Астана қаласының энергиялық кешінін дамыту мәселесін, соның ішінде - ЖЭО-3 (ТЭЦ-3) құрылысын, сондай-ақ "Талдыкөл" қалдық суларды жинақтау орнын жойып, жерін қалпына келтіру" жобасын іске асыру барысын талқылады. Кеңес барысында ЖЭО-3 құрылысы қаланың энергия ресурсына деген сұранысын қамтамасыз ететін болады. Астана қаласының әкімдігі тарапынан Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен бірлесіп, концессия негізінде ЖЭО-3 құрылысы жобасын іске асыру рәсімдерін әзірлеу және қадамдық кестесі әзірленді. Осы ретте, жылу мен электр энергиясына сұранысына байланысты жобада әлеуметтік ауыртпалықты төмендету жөніндегі ұсыныстар айтылды. Премьер-министр ұсынылған жобаны іске асыру қағидатын мақұлдады және Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, құрылыс объектісін концессияға беру мүмкіндігін пысықтауды тапсырды. Экологиялық жағдайды жақсарту үшін, сондай-ақ астананың дамуымен қалдық сулардың көлемі ұлғая түсетінін ескере отырып, "Талдыкөл" қалдық суларды жинақтау орнын жойып, босатылған аумақты кептіріп, "Қарабидайық" (қаладан 34 шақырым) қалдық суларды жинақтау орнына көшіру туралы шешім қабылданды. К. Мәсімов толықтай алғанда, жобаны іске асыру туралы ұсынысты мақұлдады және Ауыл шаруашылығы министрлігіне Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, астаналық су қалдықтарын тазалаудың тиімді технологиясын анықтау үшін жұмыс тобын құруға тапсырма берді. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін