Үкімет басшысы Астананы көркейту туралы бас жоспар тұжырымдамасын 1 наурызға дейін жасап бітіруді тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы Астананы көркейту туралы бас жоспар тұжырымдамасын 1 наурызға дейін жасап бітіруді тапсырды

Үкімет басшысы Астананы көркейту туралы бас жоспар тұжырымдамасын 1 наурызға дейін жасап бітіруді тапсырды

АСТАНА. 24 қаңтар. Kazakhstan Today. Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Астананы көркейту туралы бас жоспар тұжырымдамасын 2007-жылдың 1 наурызына дейін жасап бітіруді тапсырды,-деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 24 Қаңтар 2007
  • 680
Фото - Caravan.kz

«Астана әкіміне биыл наурыздың 1-не дейін үкімет қарауына Астананы көркейту туралы бас жоспардың тұжырымдамасын ұсынуды тапсырамын. Ол Астана құрылысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті мәжілісінде қаралатын болады»,-деді премьер отырыста.

Премьер әкімге көлік және коммуникация министрлігімен бірлесіп көшелерді кеңейту және Астананың сол жағалауында автотұрақтар құрылысын салу жөнінде ұсынысты қарау туралы тапсырма берді.

Сонымен қатар, К. Мәсімов «қаланы көркейту және ағаш отырғызу, сондай-ақ, тазалық пен тәртіпті сақтауға» назар аудару қажеттігін айтты.

Премьер-министрдің пікірінше, халыққа қызмет ету деңгейін көтеруге де көңіл бөлген жөн.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта