Үкімет басшысы Атырау облысына жасайтын сапары барысында Теңіз кенішін аралайды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы Атырау облысына жасайтын сапары барысында Теңіз кенішін аралайды

Үкімет басшысы Атырау облысына жасайтын сапары барысында Теңіз кенішін аралайды

26-шілдеде жұмыс бабындағы сапармен Атырау облысына баратын үкімет басшысы Даниал Ахметов Теңіз кенішін аралап," Прибрежное" кенішіндегі дренациялық мұнай ұңғыларының аумағы үстінен ұшып өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 25 Шiлде 2003
  • 484
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, үкімет басшысының сапар бағдарламасында сондай-ақ, «Ақтоты» кенішін аралау, Аджип КСО компаниясының мұнайдың алғашқы бөлігін өндіру жобасының тұсаукесеріне қатысу межеленген.

Сонымен бірге Д.Ахметов «Теңізшевройл» ЖШС-нің өндірістік нысандарын, атап айтсақ, түйіршіктелген күкірт өндіру зауыты, бас диспетчерлік бөлімше, «Шаңырақ» және «Теңіз» ауылдарын аралайды деп күтілуде. Үкімет басшысы сонымен бірге, мұнай және газ дайындау зауыты мен Екінші буын зауыты және Шикі газ айдау жобаларының тұсаукесеріне қатысады .
Түстен кейін үкімет басшысы «Атырау-Орал» тас жолын жаңалау жұмыстарының барысымен танысып, аталмыш жобаны жүзеге асыруға арнап жұмыс бабындағы жиналыс өткізбекші.
Сондай-ақ, сапар барысында премьер-министр «ШевронТексако» компаниясының полиэтилен құбырлар өндіру зауыты мен «Атырау мұнай өңдеу зауытының» жұмыс барысымен танысады.

Соңғы жаңалықтар