Үкімет басшысы ауылдарды телефонмен қамтамасыз етуді жеделдетуді тапсырды

"Таяуда ғана біз жергілікті өзін -өзі басқару туралы заң жобасын қарау барысында ауылдық елдімекендерді телефонмен қамтамасыз етпейінше бұл заңның толыққанды жұмыс істей алмайтындығына көзімізді жеткіздік", - деді Кәрім Мәсімов. Ол осы орайда "осынау қажетті әрі аса маңызды заңсыз қоғамның толыққанды дами алмайтынын" атап өтті. "Сол себепті заң жан-жақты жұмыс істеуі үшін біз барлық техникалық тауқыметтерді шешуге тиіспіз",- деді ол.