Үкімет басшысы бір топ депутатты қабылдап, аймақтарды әлеуметтік дамыту мәселелерін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+7 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы  бір топ депутатты қабылдап,  аймақтарды әлеуметтік дамыту мәселелерін талқылады

Үкімет басшысы бір топ депутатты қабылдап, аймақтарды әлеуметтік дамыту мәселелерін талқылады

АСТАНА. 10-қараша. Kazakhstan Today. Үкімет басшысы Даниал Ахметов Парламент сенатының депутаттары Жақай Нұрғалиевті, Жомартқали Жексембинді, Светлана Жалмағамбетованы, сондай-ақ Мәжіліс депутаттары Сатыбалды Ибрагимовты, Ромин Мадиновты және Оңалбай Аяшевты қабылдады, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.

  • 10 Қараша 2006
  • 329
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында заң шығару және келер жылдың бюджеті мәселелері талқыланды.

Оңтүстік Қазақстанда балалардың ВИЧ індетін жұқтыру проблемасы жеке сөз болды. Оған қоса аймақтарды әлеуметтік дамыту мәселелері, атап айтқанда селолық елді мекендерді ауыз сумен қамту, мектеп және балабақша құрылыстарын салу, әлеуметтік-атаулы көмектер көрсету және ауыл шаруашылығын дамыту сияқты мәселелер талқыланды.

Депутаттардың ұсыныстарын тыңдаған үкімет басшысы көтеріліп отырған мәселелердің маңыздылығын атап көрсетті және оларды шешу жөніндегі шараларды әзірлеу үшін жан-жақты жұмыстар жүргізетінін жеткізді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта