Үкімет басшысы Чехия Республикасы сенатының төрағасы Пржемысл Соботка бастаған парламенттік делегациямен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы Чехия Республикасы сенатының төрағасы Пржемысл Соботка бастаған парламенттік делегациямен кездесті

Үкімет басшысы Чехия Республикасы сенатының төрағасы Пржемысл Соботка бастаған парламенттік делегациямен кездесті

Астана. 10 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов бүгін Чехия Республикасы сенатының төрағасы Пржемысл Соботка бастаған парламенттік делегациямен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 11 Қыркүйек 2008
  • 518
Фото - Caravan.kz

Тараптар Қазақстан мен Чехия арасындағы өзара қарым-қатынастар мәселесін талқылады және екі ел арасындағы өзара түсіністіктің жоғары деңгейін атап өтті.

Екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасын талқылай келе, тараптар 2009 жылы Чехия Республикасының Еуроодаққа төрағалық етуін және 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету таңдауы Қазақстан Республикасына түскенін ескере отырып, саяси және экономикалық салалардағы өзара іс-қимылды кеңейту әрі нығайту қажеттігіне тоқталды.

П. Соботка сондай-ақ Қазақстанның салық саясаты мен бюджеттік жүйесінде жүргізіліп отырған реформа, соның ішінде — инвестициялық климатты жақсарту есебінен, еліміз экономикасының тиімділігін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

Кездесу соңында тараптар екіжақты байланыстардың келешекте де нығая түсетініне сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар