Үкімет басшысы депутаттар тобын қабылдап, заң шығару мәселелерін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы депутаттар  тобын қабылдап, заң шығару мәселелерін талқылады

Үкімет басшысы депутаттар тобын қабылдап, заң шығару мәселелерін талқылады

АСТАНА. 18- мамыр. Kazakhstan Today. Бүгін республика үкімет басшысы Даниал Ахметов мәжіліс депутаттары Ерлан Нығматуллин, Төлеген Мұхамеджанов, Асқар Бейсенбаев, Мұрат Кәрімов және сенатор Жақай Нұрғалиевпен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 18 Мамыр 2006
  • 355
Фото - Caravan.kz

Әңгіме барысында экология және үлестік құрылыс салаларындағы заң шығару қызметі мәселелері талқыланды. Сондай-ақ аймақтық даму, ауылдық елді мекендерді ауызсумен қамтамасыз ету, газдандыру және ауылдық туризмді дамытудың нақты мәселелері қаралды.

Үкімет басшысы депутаттар көтеріп отырған проблемалардың өзектілігін атап өте отырып, олар тиісті шешімдер қабылдау үшін жан-жақты қаралатынын айтты.

Перейти к новостям спорта