Үкімет басшысы энергетикалық ресурстарды ішкі және сыртқы нарыққа шығаруға түрлі салық салуды ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы энергетикалық ресурстарды ішкі және сыртқы нарыққа шығаруға түрлі салық салуды ұсынады

Үкімет басшысы энергетикалық ресурстарды ішкі және сыртқы нарыққа шығаруға түрлі салық салуды ұсынады

Астана. 13 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов энергетикалық ресурстарды ішкі және сыртқы нарыққа шығаруға түрлі салық салуды ұсынады. Бұл туралы ол бүгін бәсекелестік туралы заң жобасы талқыланған "дөңгелек үстел" барысында ұсыныс жасады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 13 Тамыз 2008
  • 541
Фото - Caravan.kz

«Мен жалпы алғанда шикізатты ішкі нарық пен сыртқы нарыққа шығаруға салынатын салық өзара айырмашылықта болуға тиіс деген ұстанымды қолдаймын», — деді Кәрім Мәсімов.

«Бірінші кезекте бұны мен ішкі нарықтағы инфляциялық қысымды төмендету үшін ел ішіне мұнай, мұнай өнімдері мен көмір шығару жайлы айтып отырмын. Оны қалай жүзеге асыру керектігі жайлы біз әлі де талқылайтын боламыз. Жалпы алғанда ұстаным осындай»,- деді Кәрім Мәсімов.

Сонымен бірге ол ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі «монополиялық жоғары кіріс болмауы үшін, шикізат сатушыларға салық салуды жіті қадағалауға тиіс» деген пікірде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар