«Бұқаралық спортты дамыту мәселесі күн тәртібіндегі кезек күттірмес мәселеге айналуға тиіс»,- деді үкімет басшысы туризм және спорт министрлігінің алқа мәжілісінде. «Егер ұлттың денсаулығы мықты болмаған жағдайда біз ешқашан бәсекеге қабілетті мемлекет құра алмаймыз»,- деді ол.
«Ол үшін өңірлерде әрбір бозбала өзіне ұнайтын спортпен шұғылдана алатындай жағдай туғызып, спорттық ғимараттарды мейлінше көп салу керек»,- деді К.Мәсімов. «Бірақ бұл мәселелердің бәрін де бюджеттің есебінен шешу күрделі іс болмақ. Сол себепті проблеманы шешуге жеке бизнесті, меценаттарды көптеп тарту керек. Осы бағытта бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін дамыту қажет»,- деді үкімет басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті