Үкімет басшысы елімізде электр энергетикасы саласын дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыруды сөзбұйдаға салғаны үшін энергетика министрлігін сынады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-18 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы елімізде электр энергетикасы саласын дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыруды сөзбұйдаға салғаны үшін энергетика министрлігін сынады

Үкімет басшысы елімізде электр энергетикасы саласын дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыруды сөзбұйдаға салғаны үшін энергетика министрлігін сынады

Бүгін, 2-маусымда үкімет басшысы Даниал Ахметовтың төрағалығымен өткен кеңесте республиканың электр энергетикасы саласында нарықтық қатынастарды дамыту жөніндегі тұжырымдаманы жүзеге асыру жоспары пысықталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 2 Маусым 2004
  • 498
Фото - Caravan.kz

Шаралар жоспарына сәйкес 2004-жылдың мамыр айының аяғына дейін республика парламентіне бес заң жобасын, 9 нормативтік-құқықтық акт жобасын енгізіп, ұйымдастыру сипатындағы 17 шараны жүзеге асыру көзделген болатын. Атап айтсақ, «Табиғи монополиялар туралы», «Бәсекелестік және монополиялық әрекеттерге шектеу қою туралы», «Лицензия беру туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу межеленген-тұғын. Алайда, Д.Ахметовтың атап көрсеткеніндей, жұмыс барысында бірқатар қателіктер жіберу және жүйелі көзқарас ұстанбау салдарынан ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігінің өкілдері көп уақытты босқа жіберіп алды. Соған байланысты құжаттарды дер кезінде парламент қарауына ұсына алмай, бұл өз кезегінде тұжырымдаманы жүзеге асыру мерзіміне әсер етті. Үкімет басшысының пікірінше, бұл процесс кем дегенде үш айға созылады.

Үкімет басшысы Тұжырымдама жобасын жасаушылардың жұмысына көңілі толмайтындығын мәлімдеп, тиісті мекемелерге қажетті құжаттарды маусым айының аяғына дейін дайындап бітіруді тапсырды.