Үкімет басшысы еліміздің ардагер-теміржолшыларымен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы еліміздің ардагер-теміржолшыларымен кездесті

Үкімет басшысы еліміздің ардагер-теміржолшыларымен кездесті

Қазақстан Республикасының үкімет басшысы Даниал Ахметов бүгін, 13-ақпанда Нығметжан Есенғарин, Құдайберген Көпжасаров, Абрам Иоктон, Юрий Тимошевский және Рымбек Тұрганбаев сынды ардагер-теміржолшылармен кездесті. Бұл кездесу Қазақстанда темір жол көлігі саласының құрылғанына жүз жылу толуына арналды.

  • 13 Ақпан 2004
  • 564
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

1904 жылы қаңтарда алғаш рет Орынбор-Қазалы бағытында жолаушы және жүк тасымалдау тұрақты қолға алынған еді. Ардагерлердің пікірінше, осынау айтулы күнді Қазақстанның темір жол көлігі саласының құрылған кезеңі ретінде атап өтуге толықтай негіз бар.
Қазақстанның темір жол саласында әр жылдары басшылық атқарған, яғни кезінде үлкен ұжымның ең ірі құрылымдарын басқарған теміржолшылар еліміздің темір жол саласы қазір пәрменді дамып келе жатқанын атап өтті.
Қазір бұл сала Қазақстан экономикасындағы өзінің маңызын сақтап келеді. Қазақстан темір жолының жалпы ұзындығы 13 мың шақырымды құрайды. Кездесу барысында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы өз қызметін қайта құруды жалғастыра отырып, сала ардагерлері негізін қалаған дәстүрлерді сақтап отырғаны атап өтілді.

Соңғы жаңалықтар