Үкімет басшысы еліміздің қаржы саласындағы өзгерістерді оң бағалады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы еліміздің қаржы саласындағы өзгерістерді оң бағалады

Үкімет басшысы еліміздің қаржы саласындағы өзгерістерді оң бағалады

Бүгін, 18-ақпанда премьер-министр Даниал Ахметовтың төрағалығымен өткен кеңесте 2004 жылы қарашада өткен Қазақстан қаржыгерлерінің IV Конгресінде берілген мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мәселесі қаралды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 18 Ақпан 2005
  • 644
Фото - Caravan.kz

Кеңеске қатысушылар қазіргі уақытта уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан еліміз экономикасының қаржылық секторындағы реформаны тереңдетуге бағытталған президенттің тапсырмасын іске асыру жұмыстары белсенді жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Атап айтқанда, құнды қағаздар рыногын дамыту бағдарламасы мен Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы үкімет белгілеген мерзімде әзірленіп, бекітілді. Бұдан басқа, қазіргі кезде аталған кезеңдерге арналған Шағын несиелеу бағдарламасының жобасы келісімге жіберілді.
Толықтай алғанда, Даниал Ахметов мемлекет басшысының тапсырмасын орындау жөніндегі жұмыстардың барысы мен қарқынын оң бағалады. Сонымен бірге премьер-министр уәкілетті мемлекеттік органдардың басшыларына инвестициялық банкингті дамыту, инвесторлар құқығын қорғауды күшейтуге бағытталған нормативтік-құқықтық базаны әзірлеу және жетілдіру, қаржылық ұйымдарды қаржыландыру деңгейі жөніндегі талапты әзірлеу, тәуекелдерді басқарудың осы заманғы жүйесін енгізу жөніндегі белсенді жұмысты жалғастыруға тапсырма берді.

Перейти к новостям спорта