Үкімет басшысы елімізге ескі автокөліктерді енгізуге шектеу қою қажет деп санайды - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы елімізге ескі автокөліктерді енгізуге шектеу қою қажет деп санайды

Үкімет басшысы елімізге ескі автокөліктерді енгізуге шектеу қою қажет деп санайды

АСТАНА. 9-ақпан. Kazakhstan Today. Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың пайымдауынша, елімізге ұзақ уақыт пайдаланылған ескі автокөліктерді енгізуге шектеу қою қажет, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 9 Ақпан 2007
  • 410
Фото - Caravan.kz

«Ескі автокөліктерді енгізу мәселесіне келсек, мен елімізге осындай автокөліктердің аз әкелінуі үшін үкімет өзінің ұстанымын қатайтуға тиіс деген пікірге қосыламын»,- деді үкімет басшысы бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында депутатар сауалына жауп беру барысында.

Үкімет басшысының пікірінше, бұл мәселеде Ресей Федерациясының тәжірибесін пайдалануға болады. «Меніңше, кеден-тариф саясатының көмегімен бұл мәселені шешкен жөн,- деді К.Мәсімов.

Бірақ үкімет басшысының пікірінше, елімізге қазіргі дейін енгізіліп қойған автокөліктерді пайдалануға тыйым салуға болмайды. «Елімізге енгізілген автокөліктерді орташа және орташадан төмен кіріс табатын азаматтар сатып алған. Мемлекет оларға көлікті енгізуге рұқсат берді, сол себепті мен осындай автокөліктерді әкеліп мініп жүргендерге оны техникалық жағдайына сәйкес толық пайдалануға мүмкіндік беру қажет деп ойлаймын»,- деді К.Мәсімов.

«Бұл мәселені біз ІІМ-мен бірлесе отырып жан-жақты талқылаймыз»,- деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті