Үкімет басшысы елорда төңірегіндегі елді мекендердің келбетін жақсартуды тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы елорда төңірегіндегі елді мекендердің келбетін жақсартуды тапсырды

Үкімет басшысы елорда төңірегіндегі елді мекендердің келбетін жақсартуды тапсырды

Бүгін жеке тұрғын үй құрылысы мен ауыл шаруашылығына берілген жерлерді түгендеу мәселесі қаралған Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі елорда төңірегіндегі елді мекендердің келбетін жақсартуды тапсырды.

  • 19 Қараша 2013
  • 367
Фото - Caravan.kz

Айта кетерлігі, алқалы жиын барысында сөз алған Ақмола облысының әкімі Қосман Айтмұхамбетов өзі басшылық жасайтын өңірде инфрақұрылым тартылмай жер телімдері жеке тұрғын үй құрылысына берілмейтіндігін баса айтқан-ды. «Астанамен шекаралас аймақтар ерекше қала салу реттеуіне енгізілген. Жеке тұрғын үй құрылысына берілген барлық жер учаскелеріндегі жобаларды біз Астананың бас жоспарымен келісе отырып жүргіземіз. Қазіргі таңда жеке тұрғын үйге жер телімін беру тоқтатылған», — деді өңір басшысы.

Осы ретте С.Ахметов, Астана мен Ақмола облысының әкімдеріне және Өңірлік даму министрлігі басшысына бұл мәселені бірігіп шешуді тапсырды. Сонымен қатар бірінші кезекте аталған елді мекендердің келбетін жақсарту бағытында жұмыс істеулері керектігін қадай айтты. «Біз Астанадан 30 шақырым төңіректегі елді мекендердің қандай екенін білеміз. Оның барлығы да біздің елордамыздың келбетіне сай келуі тиіс. Осылайша, біз жеке тұрғын үй құрылысына қатысты кезекте тұрғандардың Астана қаласындағы жүктелімін төмендете аламыз», — деді ол.

С.Ахметов сондай-ақ, аталған елді мекендерге инфрақұрылым тарту үшін Үкімет қаржы бөлуге дайын екендігін атап өтті.