Үкімет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің бизнес-тобының директоры Оливье Декампамен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің бизнес-тобының директоры Оливье Декампамен кездесті

Үкімет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің бизнес-тобының директоры Оливье Декампамен кездесті

Астана. 21 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) Оңтүстік-Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдері бойынша бизнес-топтың директоры Оливье Декампамен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 22 Қараша 2008
  • 356
Фото - Caravan.kz

Әңгімелесушілер әлемдік экономиканың жағдайын, қазақстандық экономиканы дамыту перспективасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен ЕҚДБ-нің ынтымақтастығы мәселесін талқылады.

Бұдан басқа, еліміздің экономикасын тұрақтандыру жөнінде Қазақстан Үкіметі қабылдаған шаралар туралы пікір алмасылды.

О. Декампа «бұл барлық проблемалық қырлары ескерілген, жан-жақты бағдарлама. Үкімет тек банктік секторды ғана емес, жалпы, өте маңызды, экономиканың нақты секторын да қолдауы мүмкін. Бұл бағдарлама қарастыратын тетіктер қазіргі жағдайға пара-пар. Біз үкіметтің дағдарысқа бағдарламасы жария етілетін 25 қарашада толық хабардар боламыз деп үміттенеміз» деп атап өтті.

Одан әрі ЕҚДБ-нің өкілі экономиканың нақты секторындағы қазақстандық жобаларға қолдау көрсетуге және сауда операцияларын қорландыруды, сондай-ақ айналымдағы қаражатты қаржыландыруды қамтамасыз етуге әзір екенін жеткізді.

«Мен инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жобаны іске асыруды жалғастыру қажет деп ойлаймын. Сондықтан біз осы сектордағы, сондай-ақ энергетика саласындағы жобалар бойынша өзара белсенді әрекет етеміз»,- деді ол.

Кәрім Мәсімов пен Оливье Декампа табысты және тығыз ынтымақтастықтың жалғасатынына сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар