Үкімет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президентімен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президентімен кездесті

Үкімет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президентімен кездесті

Бүгін, 10-желтоқсанда ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Жан Лемьермен кездесті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 3 Желтоқсан 2004
  • 503
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында Қазақстанның осы ықпалды қаржы институтымен ынтымақтастығын дамыту перспективасы мен қазіргі ахуалға қатысты пікір алмасылды.

Қазіргі уақытта қарым-қатынас үдемелі даму үстінде екені атап өтілді. Мәселен, 2003 жылы Еуропалық қайта құру және даму банкі Қазақстан экономикасына 264 млн. евро көлемінде инвестиция салды, бұл Орталық Азия аймағындағы инвестициясының жалпы үлесінің 89,5 процентін құрайды. Толықтай алғанда, 2004 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, Еуропалық қайта құру және даму банкінің Қазақстанға салған жалпы елдік қоржыны 727 млн. евро көлеміне жетті. Банкімен арада жалпы құны 1080 млн. евро болатын 54 инвестициялық жобаға қол қойылды. Еуропалық қайта құру және даму банкі қаржысының едәуір бөлігі жұмыс орны мен кедейшілікке қарсы күресте маңызды рөл атқаратын жеке секторды дамытуға бағытталды.
Бұдан басқа, кездесу кезінде Еуропалық қайта құру және даму банкі Қазақстанның қаржы секторына, көлік, энергетикалық және коммуникациялық кешендеріндегі бірқатар жобаларды іске асыруға қатысу перспективасы талқыланды. Банкінің Солтүстік-Оңтүстік электр энергетикалық жобасын іске асыру процесіне, сондай-ақ Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан әрі дамытуға қатысу мүмкіндіктері туралы әңгіме қозғалды.

Перейти к новостям спорта