Үкімет басшысы игерілмей қалған бюджет қаржысы ауыртпалық активтер қорын құруға жұмсалуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы игерілмей қалған бюджет қаржысы ауыртпалық активтер қорын құруға жұмсалуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды

Үкімет басшысы игерілмей қалған бюджет қаржысы ауыртпалық активтер қорын құруға жұмсалуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды

Астана. 8 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов игерілмей қалған бюджет қаржысы ауыртпалық (стресс) активтер қорын құруға жұмсалуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды. Бұл туралы ол бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 8 Қыркүйек 2008
  • 509
Фото - Caravan.kz

«Бюджет қаржысын игермеу жөнінде тұжырым жасалады деп бірден айта кетейін, ал Қаржы министрлігіне 9 айдың қорытындысы бойынша барлық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша белгілі бір қорытынды шығаруды тапсырамын», — деді Кәрім Мәсімов.

«Егер әлдекім 9 айда қаржыны игере алмаса, ендігі жылдың аяғына дейін қалған азғана уақытта оны тіпті де игере алмайды… Сол себепті игере алмағандардан ақшаны алып, ағымдағы жылдың бюджетіне нақтылаулар енгізіп, қалған ақшаны ауыртпалық активтерінің қорын құруға жұмсағанымыз жөн», -деді премьер.

Үкімет басшысы президенттің ауыртпалық активтерінің қорын құру жұмысына биылдан бастап кірісе беруді тапсырғанын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар