«Білім саласы да елде жұмыс істеп жатқан отандық жеке кәсіпкерлер мен шетелдік инвесторларды тартатын бизнес»,-деді К. Мәсімов.
Оның пікірінше, республикада кадрларды дайындау және дайын кадрларды қайта оқыту экономиканың сұранысынан артта қалып келеді. «Орта техникалық кәсіби білімді дамыту қажет. Елдегі әрбір төртінші оқушы ғана тапшы болып отырған техникалық және ауылшаруашылығы мамандықтары бойынша дәріс алуда. Инновациялық экономика үшін бұл жеткіліксіз», деп атап өтті үкімет басшысы.
«Бүгінде білім мен ғылым , біздің елдің және ұлттың бәсекелестік қабілетін арттырудың ең тиімді жолдарының бірі. Тиімді, жаhандық экономика сұранысына сай білім жүйесін қалыптастыру біз үшін басым бағыттардың бірі болып табылады»,-деп атап өтті ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті