Үкімет басшысы халықаралық Астана әуежайын жаңалау жұмыстарының барысымен танысты - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-21 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы халықаралық Астана әуежайын жаңалау жұмыстарының барысымен танысты

Үкімет басшысы халықаралық Астана әуежайын жаңалау жұмыстарының барысымен танысты

Үкімет басшысы халықаралық Астана әуежайын жаңалау жұмыстарының барысымен танысты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 7 Маусым 2004
  • 446
Фото - Caravan.kz

Жоба басымдық берілген инвестициялық жобалар мен бағдарламалар қатарында. Жобаның мақсаты — Оңтүстік шығыс Азия, Еуропа, Таяу және Қиыр Шығыс бағыттарын жалғастыратын тоғыз жолдың торабында орналасқан бәсекелестік қабілеті бар транзиттік әуежай салуға саяды. Онда жолаушылар мен жүк тасымалдаушыларға қызмет көрсету мәдениетін көтеру, ұшу қауіпсіздігінің деңгейін арттыру, жүк және қол жүктерін рәсімдеу процессін автоматтандыру, қызмет көрсетілетін ұшақтар түрінің аясын кеңейту, аэродромдық-техникалық қызмет көрсетудің жоғарғы сапасын қамтамасыз ету мақсаттары көзделген.

Үкімет басшысы құрылысшылар мен сәулетшілерге әуежайдың жаңа ғимаратында жолаушылар мен жүк тасымалдаушыларға мейлінше қолайлы жағдай жасауға бағытталған бірқатар сын-ескертпелер айтты.
Әуежайды жаңалау жобасы бойынша жолаушыларға арналған терминал салумен бірге әуежайды қазіргі заманғы халықаралық әуе байланысы торабына айналдыруға бағытталған ауқымды жұмыстар кешені де қарастырылған. Бірінші кезекте 1967-жылдан бері жаңартылмай тозығы жеткен әуежай инфрақұрылымын жаңалау жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, жылу және су қамтамасыздығының жаңа желілері, оптикалық-талшықты байланыс желісі мен қазіргі заманғы жол салынуда.
Сондай-ақ, қазіргі бар перрондар аясын үш есе кеңейту, жаңа жол тораптарын салу, жарықтық-техникалық, метеорологиялық және навигациялық жабдықтарды алмастыру, тоқпен қамтамасыз етуші резерв көздерді ауыстыру жұмыстары жоспарланған.
Жалпы алғанда 33 нысан пайдалануға беріліп, жаңаланады. Соның ішінде жалпы аумағы 23,5 мың шаршы метрді құрайтын жолаушы терминалын салу, 222 мың шаршы шақырымдық жазғы алаң салу межеленген.
Сименс (Германия), Марубени корпорейшн (Жапония), Джон Ланг (Ұлыбритания), Аларко (Түркия) компанияларынан құралған консорциум құрылыс жұмыстарының бас мердігері болмақ.
Сондай-ақ, үкімет басшысы Есілдің сол жағалауында салынып жатқан республика Елордасының жаңа әкімшілік орталығының аумағында бой көтеретін Ислам мәдени орталығы мен Ұлттық кітапхана ғимаратының құрылыс барысымен танысты.