Үкімет басшысы «Халықтық ІРО» бағдарламасына бастау берді: бағалы қағаздар нарығына алғашқы болып «ҚазТрансОйл» АҚ жол тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы «Халықтық ІРО» бағдарламасына бастау берді: бағалы қағаздар нарығына алғашқы болып «ҚазТрансОйл» АҚ жол тартты

Үкімет басшысы «Халықтық ІРО» бағдарламасына бастау берді: бағалы қағаздар нарығына алғашқы болып «ҚазТрансОйл» АҚ жол тартты

Бүгін Үкімет отырысында «Халықтық ІРО» бағдарламасының жүзеге асырылуына мүмкіндік беретін құжат мақұлданды. Құнды қағаздар нарығына бірінші болып «ҚазТрансОйл» АҚ жол тартады.

  • 30 Қазан 2012
  • 321
Фото - Caravan.kz

«ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-мен бірлесіп, «Құнды қағаздардың ұйымдастырылған нарығына «ҚазТрансОйл» АҚ акцияларын орналастыру туралы» және «Ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялар және басқа да үлестес тұлғалардың жарғылық капиталына берілген әрі меншігінде жататын стратегиялық нысандардың тізбесіне өзгерістер енгізу туралы» Үкімет қаулысының жобасын әзірледі», — деді Министрлер кабинеті мүшелерінің алдында аталған құжатты таныстырған ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Ерблоат Досаев.

Қаулы жобасы бірауыздан қабылданғаннан кейін Үкімет басшысы Серік Ахметов жергілікті атқарушы органдарға қазақстандықтар арасында жаңа бағдарламаны насихаттау жұмыстарын жандандыру қажеттігін баса айтты.

«Бүгін «Халықтық ІРО» бағдаралмасы басталады. Бұл шешімге үлкен дайындық, ұйымдастыру, техникалық, қаржылық жұмыстар негіз болды. Халықаралық сарапшылардың, консультанттардың, банктердің, қаржылық институттардың қатысуымен бірқатар мәселелер шешілді», — деді С.Ахметов.

Сонымен қатар «ҚазТрансОйл» компаниясының акциясын кез келген қазақстандық сатып ала алатындығын баса айтқан ол: «Бұл бағдарламаны барынша кең насихаттап, адамдарға әсіресе қор нарығының ерекшеліктерін түсіндіру қажет деп санаймын. Әрбір қазақстандық шешім қабылдау үшін барынша мол ақпарат алулары керек. Бұл ретте мен облыстардың, Алматы мен Астана қалаларының әкімдерінің назарын осы жұмыстарға аудартқым келеді», — деді С.Ахметов.