Үкімет басшысы мемлекет басшысының Алматыны дамыту бойынша тапсырмаларының орындалуын бақылады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы мемлекет басшысының Алматыны дамыту бойынша тапсырмаларының орындалуын бақылады

Үкімет басшысы мемлекет басшысының Алматыны дамыту бойынша тапсырмаларының орындалуын бақылады

ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов кеңес барысында мемлекет басшысының Алматыны дамыту бойынша тапсырмаларының орындалу барысын қарады.

  • 17 Маусым 2011
  • 461
Фото - Caravan.kz

«Бүгін премьер-министр Кәрім Мәсімов Алматының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді. Мемлекет басшысының оңтүстік астананы дамыту бойынша тапсырмаларының орындалу барысы қаралды», — делінген жұма күні Facebook-та жарияланған ақпаратта.

Оған сәйкес, Н. Назарбаев қойған міндеттерді жүзеге асыруды қамтамасыз ету шаралары бойынша Алматы әкімі Ахметжан Есімов пен орталық атқарушы органдардың басшылары сөз сөйледі.

Премьер-министр сайтының хабарлауынша, кеңеске қатысушылар қаланың және қала маңы аумақтарының көліктік жүйесін дамыту, Алматының азық-түлік белдеуін құру, өңірлік қаржы орталығын, туризмді дамыту бойынша шаралар кешенін талқылады.

«Кеңес барысында студенттерге арнап жатақханалар салу, балалар, жастар үшін спорт нысандарының қолжетімділігін қамтамасыз ету, халыққа көрсетілетін мемлекеттік, басқа да қызметтердің сапасын арттыру мәселелері, Алматыдағы шағын және орта бизнесті дамыту шаралары қаралды», — делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, қатысушылар қылмыспен күрес, құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын күшейту, қуат жүйесінің тұрақтылығын, ресурстарды үнемдеуді қамтамасыз ету, тұрғын үй қорына қызмет көрсету және оны сақтау, қоқыс өңдеу, аймақтың сейсмокартасын жаңарту, халыққа сейсмологиялық қауіп туралы хабарлау және ғимараттарды сейсмонығайту бойынша шаралар әзірлеу бойынша шаралар кешенін қарады.

Соңғы жаңалықтар