Үкімет басшысы мен кәсіподақ ұйымдары өкілдерінің кездесуінде еңбек қатынасы мен әлеуметтік қамтамасыздық салаларын жетілдіру мәселелері талқыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы мен кәсіподақ ұйымдары өкілдерінің кездесуінде еңбек қатынасы мен әлеуметтік қамтамасыздық салаларын жетілдіру мәселелері талқыланды

Үкімет басшысы мен кәсіподақ ұйымдары өкілдерінің кездесуінде еңбек қатынасы мен әлеуметтік қамтамасыздық салаларын жетілдіру мәселелері талқыланды

Азаматтарды әлеуметтік қамтамасыз ету саласы мен еңбек қатынастарын одан әрі жетілдіру мәселесі бүгін, 13-желтоқсанда үкіметте премьер-министр Даниал Ахметовтың кәсіподақ ұйымдары мен жұмыс берушілер өкілдерімен кездесуінде талқыланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 13 Желтоқсан 2004
  • 667
Фото - Caravan.kz

Күнкөріс минимумының өлшемі және кедейшілік шегі, зиянды және ауыр жағдайлардағы жұмыс өтілі бар адамдарды зейнетақымен қамтамасыз ету, сондай-ақ жаңа Еңбек кодексінің түрлі ережелері жөнінде кеңінен пікір алмасылды.

Кеңеске қатысушылардың айтуынша, қазіргі уақытта кәсіподақтар мен жұмыс берушілер өкілдері аталған проблемалар бойынша үкімет позициясынан тұжырымдамалық тұрғыда өзгеше ұстаным ұстанбайды. Сонымен қатар, жұмыс барысында олардың жекелеген аспектілері бойынша түрліше көзқарас ұстануы мүмкін. Осыған байланысты аталған өлшемдерді есептеудің тиімді әдістемесін табу, сондай-ақ түрлі құқықтық актілерге жұмыс беруші және кәсіподақ ұйымдарының, сондай-ақ, жұмысшылардың жеке басының құқықтық мәртебесі мен іс-қызметін реттейтін ережелерді енгізу төңірегінде әңгіме қозғалды.
Ұсынылған ақпаратқа түсініктеме бере келе, үкімет басшысы әлеуметтік әріптестік тарапынан айтылған кез келген ұсыныс талқылануы тиіс, ал проблемалық мәселелер ашық диалог аясында шешілуі керек деп атап өтті. Бұл ретте Даниал Ахметов әлеуметтік диалогқа қатысушы тараптардың көптеген бастамалары қазірдің өзінде Үкімет әзірлеген құжатта көрініс тапқанын, соның ішінде жаңа Еңбек кодексінің жобасына да қамтылғанын, бұл құжат белгіленген кестеге сәйкес Парламент қарауына ағымдағы жылы енгізілетінін айтты.

Перейти к новостям спорта