Үкімет басшысы мәжіліс тарапынан түзетулер енгізілген заң жобасын жалпы алғанда мақұлдай отырып, барлық мемлекеттік уәкілетті органға мүлікті заңдастыру шарасын өткізу жөніндегі комиссия туралы бірыңғай ереже жобасы мен өз ескерту-ұсыныстарын бір аптада әзірлеуді тапсырды.
«Шағын кәсіпкерлер мен ауылдардан қоныс аударушылардың меншігін, соның ішінде жылжымайтын мүлкі мен жерлерін жариялы болдыру қажеттігін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2003-жылы Қазақстан халқына арнаған жолдауында атап көрсеткен. Осыған байланысты, екі жыл бұрын үкімет заң жобасын әзірлеп, парламент қарауына енгізген. Онда бұған дейін экономикалық айналымда болмаған немесе оған мүлдем тартылмаған шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мүлкін экономикалық айналымға қамту, екіншіден, ауылдан қалаға қоныс аударушылардың белгіленген тәртіппен тіркелмеген мүлкіне қатысты мәселені шешу қарастырылған»,- дейді баспасөз қызметі.
Аталған мақсатты шешу үшін азаматтардың мүлкін бір реткі шараның жәрдемімен жариялы болдыру ұсынылып отыр. Соның нәтижесінде мүлік саласында жекелеген құқық бұзушылар жауапкершіліктен босатылмақ.