Үкімет басшысы облыс әкімдеріне тапсырма берді
![]() |
Елбасының тапсырмаларын орындау аясында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов жұмыс кеңесін өткізді. |
Орталық атқарушы органдардың жетекшілері, облыстар мен Алматы және Астана қалаларының әкімдері, ұлттық компаниялардың басшылары қатысқан бұл кеңесте ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы мен Индустрияландыру картасы жобаларының іске асырылу мәселелері талқыланды.
Бұл туралы Үкімет басшысының сайты хабарлады.
Атап айтқанда, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының өткен екі жарым жылдағы іске асырылу қорытындысы, оның ішінде негізгі нысанды индикаторлардың орындалу жағдайы қаралды.
Үкімет басшысының орынбасары - индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев баяндама жасады.
«2011 жылдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнім 27,6 трлн. теңгені құрап, 2008 жылмен салыстырғанда 11,5 трлн. теңгеге ұлғайды, нақты өсім 16,7% құрады. Ағымдағы жылдың 10 айында өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексінің ең жоғары өсімі машина жасау (12,3%) және жеңіл өнеркәсіп салаларында(7,4%) тіркелді, ал өнеркәсіптік өндірістің көлемі 12,1 трлн. теңгені құрады. 2010-2012 жылдары Индустрияландыру картасының аясында іске қосылған жобалардың бұл көрсеткішке қосқан үлестері зор», - деп хабарлады Ә.Исекешев.
Сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов РФ Үкіметі Төрағасының орынбасары Владислав Сурковты қабылдады. Тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, оның ішінде «ЭРА-ГЛОНАСС» жобасын Қазақстанда жүзеге асыру мүмкіндігін талқылады.
Бұл туралы ҚР Прьемер-Министрінің сайты хабарлады.
«ЭРА-ГЛОНАСС» - жол-көлік оқиғаларына ұшыраған автокөлік иелеріне шұғыл шұғыл көмек көрсету жобасы. Ресейлік жедел әрекет ету жүйесі жедел жәрдемнің және құтқарушылардың оқиға орнына жету уақытын 30% дейін қысқартуға мүмкіндік береді.
Әңгіме барысында С.Ахметов, жалпы үйлестіруге жауапты орган ретінде ҚР Көлік және коммуникация министрлігі аталмыш жүйені қолданысқа енгізу мәселесі бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.
Ал В.Сурков кездесу қорытындысы бойынша журналистерге берген сұхбатында, «Қазақстан ынтымақтаспай, еуразиялық көлік дәлізі толық болмайды. Менің ойымша, Ресейдің де, Қазақстанның да аумағында ГЛОНАСС жүйесінің негізінде навигациялық технологиялар енгізуде ортақ мүдде бар. Біз жеңілдіктерге дайынбыз және жылдың соңына дейін өзара іс-қимылдардың нобайы белгіленеді деген үміттеміз», деді.
Вице-премьер өз сөзінде сондай-ақ, тікелей шетелдік инвестициялардың өсу динамикасына да тоқталды. «ҮИИД бағдарламасы іске асырыла бастағаннан бері 5,7 млрд. доллардан астам инвестиция тартылған. Алғаш рет, 2009 жылдан бастап, фармацевтика өндірісіне, сондай-ақ компьютерлер, электрондық және оптикалық өнімдер өндірісіне инвестициялар тартыла бастаған. Осылайша, ҮИИД бағдарламасы қолға алынған жылдары инвестициялық ағымдар біртіндеп әптараптана бастады», - деп атап көрсетті Ә.Исекешев өз сөзінде.
Премьер-Министрдің орынбасарлары, бірқатар министрлер және облыстардың әкімдері ҮИИД бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы есеп берді.
Премьер-Министр өз кезегінде, Бағдарламаны моноқалаларда да іске асыру қажеттілігіне тоқталып өтті. «Бағдарлама аясында әрбір моноқала жылдық бюджет ала алады. Моноқалалардың экономикасын әртараптандыру үшін, жүйеқұрушы кәсіпорындардың төңірегінде, оның ішінде ҮИИД бағдарламасының аясында құрылған кәсіпорындардың төңірегінде шағын және орта бизнестер құру үшін осылай етіліп отыр», - деп атап көрсетті Серік Ахметов өз сөзінде.
Кеңесті өз сөзімен қорытындылаған Үкімет басшысы, «ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы мен Индустрияландыру картасының жобаларын жүзеге асыру барысында қабылданған шешімдердің толыққандылығын және нәтижелігін қамтамасыз ету үшін Елбасы алға қойып отырған міндеттерді орындаудың қажеттілігіне» тоқталды.
Премьер-Министр сонымен бірге, Карта аясында 2012 жылға жоспарланған жобаларды аяқтауға және іске қосылған нысандарды жоспарлы жобалық қуатына шығаруға қатысты нақты тапсырмалар берді.
«Жалпы алғанда, еліміздің өткен 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері оң динамикаға ие. Дегенмен, жалпы ішкі өнімнің 2012 жылға жоспарланған деңгейіне қол жеткізу үшін өңірлердегі экономикалық өсудің индикативтік көрсеткіштерін қамтамасыз ету керек», - деп тоқталды С.Ахметов.
Үкімет басшысы сондай-ақ, Астананы «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындау мәселесіне де тоқталды. «Алдымызда көрмені жоғары деңгейде өткізу міндеті тұр. Жақын арада біз «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық жүргізетін комиссияның бірінші отырысын өткіземіз», - деп хабарлады С.Ахметов.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін