Үкімет басшысы Оман Сұлтандығының сауда және өнеркәсіп министрі-"Оман Ойл" компаниясының төрағасын қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-10 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы Оман Сұлтандығының сауда және өнеркәсіп министрі-"Оман Ойл" компаниясының төрағасын қабылдады

Үкімет басшысы Оман Сұлтандығының сауда және өнеркәсіп министрі-"Оман Ойл" компаниясының төрағасын қабылдады

Бүгін, 25-қаңтарда үкімет басшысы Даниал Ахметов Оман Сұлтандығының Сауда және өнеркәсіп министрі-"Оман Ойл" компаниясының төрағасы Макбул Әли Сұлтанды қабылдады. Тараптар Солтүстік Каспий көмірсутегі кен орны бойынша өнім бөлісу туралы Келісімді әзірлеуге және қорытындысына қатысты кейбір мәселені талқылады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 25 Қаңтар 2005
  • 536
Фото - Caravan.kz

Пікір алмасулар барысында үкімет басшысы кездесуге қатысушылар назарын

«әріптес-компаниялар арасындағы бүгінде жаңаша деңгейге көтерілген іскерлік қатынастарға» аударды. Осы орайда, Даниал Ахметов Қазақстанның бұрынғы келісімдерге негізделген өзара ынтымақтастықты жалғастыруға ұмтылатынын жеткізді.
Өз кезегінде, Макбул Әли Сұлтан Қазақстан премьер-министрін өзара өнім бөлісу туралы Келісімге әзірлік аясындағы келіссөздер мен ұсыныстар барысы туралы хабардар етті.
Үкімет басшысы энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне сарапшылық және жұмысшы топтар деңгейінде консультацияларды одан әрі жалғастыруды тапсырды.

Перейти к новостям спорта