Кеше кешке Татарстаннан жұмыс сапарынан оралған бетте премьер-министр Даниал Ахметов өрт шыққан «Транспорт Тауэр» ғимаратында болды. Зардап шеккен ғимаратты келіп көрген үкімет басшысымен бірге осында орналасқан министрліктердің басшылары, сондай-ақ төтенше жағдайлар министрі еріп жүрді.
«Болған оқиғаның себеп-салдарын анықтаумен құзырлы органдар айналыссын», — деп мәлімдеді премьер-министр.
Содан кейін үкімет басшысы кеңес өткізіп, тағы да бірнеше тапсырма берді. Атап айтқанда, Даниал Ахметов «Транспорт тауэрде» орналасқан министрліктердің жұмысы тоқтамауы керектігін атап өтті.