Үкімет басшысы «Өзенмұнайгаз» АҚ «Бұрғылау жұмыстары басқармасы» базасының мұнайшыларымен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+35 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы «Өзенмұнайгаз» АҚ «Бұрғылау жұмыстары басқармасы» базасының мұнайшыларымен кездесті

Үкімет басшысы «Өзенмұнайгаз» АҚ «Бұрғылау жұмыстары басқармасы» базасының мұнайшыларымен кездесті

Маңғыстау облысында жұмыс сапарымен жүрген ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Жаңаөзен қаласындағы «Өзенмұнайгаз» АҚ «Бұрғылау жұмыстары басқармасы» базасының мұнайшыларымен кездесті. Кездесу барысында халықтың тұрмыс деңгейін жақсарту, қаланың инфрақұрылымын дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметі.

  • 21 Қараша 2012
  • 417
Фото - Caravan.kz

Сонымен қатар, Жаңаөзенде Үкімет басшысы кеңес өткізіп, онда өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселері қаралды және бірқатар тапсырмалар берілді.

Атап айтқанда, Үкімет басшысы облыс әкімдігіне мүдделі органдармен бірлесіп, өңірді әрі қарай дамыту, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша жұмыстың белсенділігін арттыру, шағын бизнестің облыс экономикасына үлесін арттыруды қамтамасыз ету және азаматтарға шағын несиелер беру мәселесіне назар аудару жөніндегі шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды.

«Бюджет қаржысын уақтылы және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету, «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлерді уақтылы іске қосу керек. Осы бағдарлама бойынша Маңғыстау облысында, оның ішінде Жаңаөзенде ескі және апатты жағдайдағы үйлердің проблемаларын шешуге 2013-2014 жылдары 5 млрд. теңге қаржы бөлу қарастырылған», — деді С.Ахметов өз сөзінде.

Облыс әкімдігіне Ауыл шаруашылығы министрлігімен, «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-мен және «ҚазМұнайГаз» АҚ-мен бірлесіп, Маңғыстау облысын сумен қамтамасыз ету мәселесі бойынша шешімге келу туралы тапсырма берілді.

Бейсенбі, 22 қараша күні С.Ахметов Атырау облысына жұмыс сапарымен барады.