Бүгін, 6-қазан күні түстен кейін үкімет басшысы Ақсу қаласында болады. Д.Ахметов онда Ақсу ферроқорытпа зауытының бір жаңа цехының құрылыс жұмыстарының барысымен танысып, кәсіпорынның еңбек ұжымымен жүздеседі.
Сонымен қатар бүгін үкімет басшысы Евгеньевка ауылында жергілікті шаруа қожалықтарының қолдауымен салынған дәрігерлік амбулаторияны аралайды.
7-қазан, жұмада Д.Ахметов Екібастұзға ат басын тіреп, «Богатырь Аксес көмір» ЖШС-іне қарасты «Богатырь» көмір разрезінде болып, кеншілермен кездеседі.
Екібастұзда үкімет басшысы 480 адамға есептелген қалалық емхананың құрылысын аралайды. Сонымен бірге мұнда Д.Ахметов қала жұртшылығының форумына қатысып, «Екібастұз ГРЭС-2» электр станциясында болмақшы.
8-қазан, жексенбіде Д.Ахметов «Павлодар машина жасау зауыты» АҚ-ын аралайды.
i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті