Үкімет басшысы қаржы министрлігіне "Эйр Астана" әуе компаниясының ұшақтар қорын ұлғайтуға қолдау көрсетуді тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы қаржы министрлігіне "Эйр Астана" әуе компаниясының ұшақтар қорын ұлғайтуға қолдау көрсетуді тапсырды

Үкімет басшысы қаржы министрлігіне "Эйр Астана" әуе компаниясының ұшақтар қорын ұлғайтуға қолдау көрсетуді тапсырды

Бүгін, 4-ақпанда өткен үкімет отырысы барысында үкімет басшысы Даниал Ахметов ҚР қаржы министрлігі мен экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне "Эйр Астана" әуе компаниясының ұшақтар қорын ұлғайтуға қолдау көрсетуді тапсырды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 4 Ақпан 2005
  • 395
Фото - Caravan.kz

Кеңес барысында «Эйр Астана» әуе компаниясының өкілдері үкімет басшысын компания өз тұтынымындағы ұшақтардың санын, олардың ұшу аймақтары мен жиілігін арттыруға құлықты екенінен хабардар етті.

Бүгінде «Эйр Астана» әуе компаниясының ұшақтар қорында лизинг жолымен алынған 11 әуе кемесі бар. Шетелдік әуе компанияларының рейстерін Астанаға көшіру бағдарламасын жүзеге асыру және еліміздің негізгі әуе қақпасы, әуе транспортының басты торабы ретінде Астана әуежайын дамыту үшін «Эйр Астана» ЖАҚ-ның басшылығы қосымша 7 ұшақ сатып алмақ ниетте. Бұл ішкі және халықаралық бағыттарда жолаушыларға қызмет көрсету сапасын әжептәуір арттырады деп күтілуде.
Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде «Эйр Астана» Астана мен Алматы арасындағы рейстер санын аптасына 56-ға жеткізе алады.
Үкімет басшысы «Эйр Астана» ЖАҚ басшылығының жолаушыларға қызмет көрсету сапасын ұдайы арттыруға жасап отырған талпыныстарын оң бағалап, «бұл талпыныс түптеп келгенде еліміздің транспорттық потенциалын арттыруға әсер етеді» деп атап өтті.

Перейти к новостям спорта