Үкімет басшысы қаржы министрлігіне "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңға өзгерістер енгізуді тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы қаржы министрлігіне "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңға өзгерістер енгізуді тапсырды

Үкімет басшысы қаржы министрлігіне "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңға өзгерістер енгізуді тапсырды

Бүгін, 26-сәуірде өткен үкімет отырысында үкімет басшысы Даниал Ахметов қаржы министрлігіне 2005-жылдың алғашқы жартысы аяқталғаға дейін барлық мүдделі министрліктер мен мекемелердің ұсыныстарын ескере отырып "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңға өзгерістер енгізуді тапсырды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 26 Сәуiр 2005
  • 487
Фото - Caravan.kz

Үкімет басшысының пікірінше, мемлекеттік сатып алудың тиімділігін бағалайтын өлшемдерге өзгерістер енгізу қажет. Оның айтуынша, мемлекеттік сатып алудың тиімділігін потенциалдық мердігер ұсынған ең төменгі бағаға қарай бағалау шынтуайтына келгенде жай демпинг болып табылады. Д.Ахметов мемлекеттік сатып алу мақсатында жұүргізілетін байқауларды «кеңінен қолданылатын әлемдік тәжірибеге мүлдем сай келмейтін іс-шара» деп атады. «Бұл — тиімділік ақырғы нәтижеге сәйкес бағалануы тиіс екенін дәлелдейді»,- деді ол.

Үкімет басшысының айтуынша, «заңнаманың, яғни, үкіметтің жіберген қателіктері» құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алу барысында айқын көрініс беріп отыр. Соның салдарынан бағаның арзандығына байланысты не сапаға нұқсан келеді, не болмаса байқауда жеңімпаз атанған жоба бойынша бюджетті қайтадан қарау қажеттігі жиі туындайды. Д.Ахметовтың пайымдауынша, байқаудың жеңімпазын бағаның арзандығына қарай анықтауға әсте болмайды.

Перейти к новостям спорта