Үкімет басшысы Қазақстан мен Ресей арасындағы интеграциялық процестерді пәрмендендіру жөнінде министрліктер мен ведомстволарға бірқатар тапсырма жүктеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы Қазақстан мен Ресей  арасындағы интеграциялық процестерді пәрмендендіру жөнінде министрліктер мен ведомстволарға бірқатар тапсырма жүктеді

Үкімет басшысы Қазақстан мен Ресей арасындағы интеграциялық процестерді пәрмендендіру жөнінде министрліктер мен ведомстволарға бірқатар тапсырма жүктеді

Бүгін, 28-қыркүйекте үкімет басшысы Даниал Ахметов Астанаға "Ресейдің экономикалық жетістіктері" тақырыбындағы ұлттық көрмеге қатысу үшін келген Ресей Федерациясы делегациясының мүшелерін қабылдады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 28 Қыркүйек 2004
  • 618
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында Ресейден келген қонақтар Үкімет басшысын көрме барысында қазақстандық әріптестерімен қол жеткізген келісімдері және Ресей Федерациясы мен Қазақстан арасындағы өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі таяудағы жоспарларынан хабардар етті.

Өз кезегінде үкімет басшысы еліміздегі экономикалық реформалар аясындағы шаралар туралы айта келе, Қазақстан мен Ресей арасындағы әріптестік қатынастар жемісті әрі нәтижелі дамып келе жатқанына тоқталды.
Кездесу қорытындысы бойынша Үкімет басшысы көршілес екі ел арасындағы интеграциялық процестерді одан әрі пәрмендендіру жөнінде министрліктер мен ведомстволарға бірқатар тапсырма жүктеді.

Перейти к новостям спорта