Атап айтқанда, «КамАЗ» ААҚ-ның бас директоры Сергей Когогин Үкімет басшысын Қазақстанда ресейлік автомобильдер рамасын жасау базасында автобустар мен тракторлардың бірлескен кәсіпорнын ұйымдастыру жөнінде атқарылған жұмыстардан хабардар етті.
Өз кезегінде Индустрия және сауда министрлігінің өкілдері премьер-министрге өндірісті отандық зауыттарда орналастыру жөніндегі ұсыныстарға талдау жасау және құрастыру жөніндегі арнайы құрылған жұмыс тобының қызметі туралы есептерін ұсынды.
Қазіргі кезде «Электротранссервис» ЖШС-інде КамАЗ-5297 рамасын жасау базасында алғашқы тәжірибелік автобус үлгісіне әзірлік жұмыстары басталды. Биылғы жылғы бірінші тоқсанда автобус сынақтан өтіп, сертификатталады деп жоспарлануда. Бұдан басқа, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ы «КамАЗ» ААҚ-мен бірлесіп, «Көкше» АҚ-ында (Көкшетау қаласы) үлкен сыныпты автобустар жинаудың жобасын іске асыруға кірісуге дайындықтарын білдірді.
«Қазақстан-КАМАЗ» автомобиль консорциумын құру туралы Келісімге 2003 жылғы 1 шілдеде қол қойылған болатын. Консорциумға қатысушылар құрамына ресейлік кәсіпорын «КамАЗ» ААҚ, сондай-ақ қазақстандық «Астана-Финанс» АҚ, «Испат-Кармет» ААҚ, «Искер» ААҚ, «Қазақстантрактор» ААҚ, «Семей машина жасау зауыты» ААҚ, «Ақмола «КамАЗ» автоорталығы» ЖШС және «Қостанай двигатель жөндеу жөніндегі зауыты» ЖШС енген.
Кеңестің қорытындысы бойынша Даниал Ахметов Индустрия және сауда министрлігіне Ауыл шаруашылығы министрлігімен және өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп «Қазақстан-КамАЗ» бірлескен автомобиль консорциумының жобасын іске асыру процесін жеделдетуді тапсырды.