Үкімет басшысы бұрынғы министр Оңалсын Жұмабековке жемісті еңбегі үшін ризашылық білдірді. Ол осы орайда министр орынтағында отырған екі жыл мерзімде О.Жұмабеков мемлекеттің іс-қызметін құқықтық тұрғыда қамтамасыз ету және республикада әділет жүйесін дамытуға сүбелі үлес қосты деп атап көрсетті. Үкімет басшысының айтуынша, бұрынғы министрдің басшылығы аясында республианың әділет мекемелері мемлекет басшысы мен үкімет тарапынан алға қойылған міндеттерді лайықты атқара білді.
Д.Ахметов өзі басқаратын кабинеттің жаңа мүшесі З.Балиеваның кәсіби және ұйымдастырушылық қабілетін жоғары бағалай отырып, әділет министрлігіне жаңа басшы келсе де мекемеде бұрынғы жұмыс үрдістері мен бұрынғы қарқын сақталады дегенге сенім білдірді.