Үкімет басшысы ҚР білім және ғылым министрлігінің жүйесінде ғылыми орталық құру жөнінде ұсыныс енгізуді тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы ҚР білім және ғылым министрлігінің жүйесінде  ғылыми орталық құру жөнінде ұсыныс енгізуді тапсырды

Үкімет басшысы ҚР білім және ғылым министрлігінің жүйесінде ғылыми орталық құру жөнінде ұсыныс енгізуді тапсырды

Кеше үкімет басшысы Даниал Ахметовтың төрағалығымен өткен кеңесте "Жұқпалы ауруларға қарсы қолданылатын дәрі-дәрмектер" жобасын жүзеге асыруға қатысты кейбір мәселелер қаралды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 23 Сәуiр 2004
  • 693
Фото - Caravan.kz

Үкімет бұған дейін де бұл жобаны авторларымен бірлесе қарап, оған коммерциялық сипат беру және «Ұлттық инновациялық қор» АҚ тарапынан қаржыландыру мүмкіндігін анықтау үшін кешенді ғылыми-техникалық және экономикалық сараптама жасау туралы шешім қабылдаған.

ҚР білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама қорытындысы бойынша, жобаны жүзеге асыруға кедергі келтіріп отырған негізгі себеп — оның кейбір кемшін тұстары болмақ . Атап айтсақ, ұсынылған фармацевтикалық препараттардың вирустар мен бактерияларға әсер ету тетіктерін зерттеу, сондай-ақ, мал дәрігерлік препаратты фармакологиялық құрал мәртебесіне жеткізу және оны белгіленген тәртіп бойынша тіркеуге алу жұмыстары тындырылмаған. Сондай-ақ, білім және ғылым министрлігі сұралған қаржы көлеміне нақты негіздеменің жоқтығын, жоспарланған зерттеулерді өткізетін шығындар сметасында оның нақты жұмсалатын бағыттарының көрсетілмеуін, жоба авторларының қоластында тиісті мамандардың жоқтығын және өндірістік әлеуетінің жеткіліксіздігін алға тартып отыр.
Жоба авторы — Халықаралық ғылыми зерттеулер орталығы директорының орынбасары Александр Ильиннің айтуынша, дәрілік затты клиникалық зерттеу мақсатымен малдарға қолданып сынап көргенде оңды нәтиже көрсетіп, ауыр індеттер мен түрлі жұқпалы аурулар жазылып, вирустар жойылған. Жемдік қоспалар мен мал дәрігерлік препаттарға жүргізілген осындай зерттеулер қорытындысы да оң нәтиже көрсетті.
Дегенмен, жұқпалы ауруларға қарсы қолданылатын препараттарды зерттеу жұмыстарын әлі де жалғастыра түсу қажет дейді мамандар. Өйткені , оның құрылымы мен химиялық құрамы әлі де анықталмаған, сондай-ақ, препараттарды стандарттан тыс ахуалда тексеріп көргенде оның індеттерді жаза алу қасиеті нақты дәлелденбеумен бірге, препараттың әсер ету механизмі айқындалмаған.
Кеңес қорытындысы бойынша, Даниал Ахметов ҚР білім және ғылым министрлігінің жүйесінде ғылыми орталық құру жөніндегі ұсынысты екі күн ішінде үкіметке енгізіп, қажеттілікке сәйкес зерттеулерді жалғастыруды тапсырды. Жаңа орталықтың ғылыми ізденістері жүйелі әрі негіздемелі қаржыландырылуы тиіс, деді үкімет басшысы.

Соңғы жаңалықтар