Жарияланды: 340

Үкімет басшысы «ҚТЖ» БЭК шеңберінде туындайтын сын-қатерлерге дайын болуы керектігін айтты

Үкімет басшысы «ҚТЖ» БЭК шеңберінде туындайтын сын-қатерлерге дайын болуы керектігін айтты

«Қазақстан темір жолы» Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру жағдайында туындайтын сын-қатерлерге дайын болуы керек.

Бұл туралы бүгін «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының алқа мәжілісінде Үкімет басшысы Серік Ахметов айтты. Көліктік-логистикалық қызметтер спекторлары бойынша Қазақстан әріптестерімен нақты әрі үйлескен жұмыстар жүргізу маңыздылығына ерекше тоқталған С.Ахметов: «Толықтай алғанда, Кеден одағы Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында Ресей және Беларусь темір жолдарымен бірлескен жұмыстар жағдайында қандай мәселелердің туындайтындығын түсіну қажет», - деді. Үкімет басшысының пайымынша, Бірыңғай экономикалық кеңістік Қазақстанға одан әрі ықпалдасуға, экспорттық әлеуетін арттыруға, сонымен қатар транзиттік әлеуетін еселей түсуге мол мүмкіншілік ашады. «Дегенмен де Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру жағдайында әрине, компания алдында, мемлекет алдында, елдің экономикасы алдында сын-қатерлер болады әрі бұған дайын болу керек», - деді Премьер-Министр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін