Отырыста сөз сөйлеген ҚР әділет министрі Оңалсын Жұмабековтың түсініктемесіне жүгінсек, мемлекеттің заң шығару іс-қызметі заңға бағынышты актілер шығаруды мейлінше азайтуға бағытталады. Сонымен бірге, «қабылданған заңдарды жүзеге асыруға қажетті заңнамалық актілер базасын дер кезінде қамтамасыз ету қажет», деді ол. Заңға бағынышты тиісті актілерді қабылдамау «бірқатар кейбір заңдарды қолдану мүмкіндігінен айырады»,- деді министр. Оның айтуынша, регламентке сәйкес құжат жобасын жасаушы заң күшіне енгеннен бастап 15 күн ішінде үкімет басшысының кеңсесіне келісілген бұйрық жобасын енгізіп, онда заңға бағынышты актіні қабылдау мерзімін көрсетеді. Бұл мерзім 2 айдан аспауы тиіс. Алайда, О.Жұмабековтың айтуынша, «талдау қорытындысы көрсетіп бергеніндей, заң талаптарына қарамастан, бүгінде 14 процент немесе әрбір жетінші қарым-қатынас орталық деңгейде, оның ішінде 58 проценті үкімет актілерімен реттелмеген».
Осыған байланысты Д.Ахметов әділет министрлігіне аталмыш мәселені реттеуге қатысты ұсыныстар жобасын 10 күнде әзірлеуге тапсырма берді. Сондай-ақ, үкімет басшысы министрлік және мекеме басшыларына «заңға бағынышты актілер жобасын жасап қабылдатуға жауапты құрылымдық бөлімше басшыларының жауапкершілігіне қатысты мәселені қарауды» тапсырды.