Үкімет басшысы Ресейдің "Миг" ұшақ құрылысы компаниясының бас директоры Алексей Федоровты қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы Ресейдің "Миг" ұшақ құрылысы компаниясының бас директоры Алексей Федоровты қабылдады

Үкімет басшысы Ресейдің "Миг" ұшақ құрылысы компаниясының бас директоры Алексей Федоровты қабылдады

Үкімет басшысы Даниал Ахметов кеше, 20-қазанда Ресейдің "Миг" ұшақ жасау компаниясының бас директоры Алексей Федоровты қабылдады. Кездесу барысында әскери-техникалық және ғарыштық саладағы ынтымақтастыққа қатысты мәселелер талқыланды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 21 Қазан 2005
  • 801
Фото - Caravan.kz



Атап айтқанда, «Есіл» әуе-ғарыштық кешені жобасын іске асыруда МиГ-31 Д ұшағын пайдалану перспективасы қаралды.
Кездесу кезінде А.Федоров үкімет басшысын ұшақтың техникалық — пайдалану сипаттамасынан хабардар етті, сондай-ақ спутниктік жүйе рыногын дамыту перспективасы туралы өз көзқарасын білдіріп, осы ретте, «Есіл» жобасының аясында шағын спутниктерді ұшыру жөнінде Қазақстанмен ынтымақтастық жасаудың компания үшін үлкен ғылыми-техникалық қызығушылық туғызатынын атап өтті.
Премьер-министрдің айтуынша, ғарыштық қызметті дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үкімет жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады. Бұдан басқа, Даниал Ахметов «Есіл» коммерциялық жобасын жемісті іске асырудағы Қазақстанның қызығушылығы барын атап өтіп, техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу үшін әлемге танымал жетекші компаниялардың мамандарын тартудың маңыздылығына назар аударды.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта