Үкімет басшысы «Сабтон ЛТД» кәсіпорнындағы сары фосфор мен минералдық тыңайтқыштарды өндіру көлемін ұлғайтуға қатысты оңды өзгерістерді атап өтті.
Талқылау барысында үкімет басшысы «Сабтон-ЛТД» компаниясының бірқатар жобаларды табысты жүзеге асырып отырғанын атай келе, экспортқа өнім шығару жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажеттігіне назар аударды.
«Сабтон ЛТД» компаниясының басшылығы Қазақстан үкіметіне қазіргі таңда компанияның жұмыс тұрақтылығын тежеп отырған бірқатар обьективті проблемаларды шешуге көмектесуін сұрады. Бұл ретте электр қуатының жетімсіздігі мен тасымал құралдарының тапшылығы аталды.
Кеңес қорытындысы бойынша үкімет басшысы тиісті министрліктер мен ведомстволарға кеңесте талқыланған мәселелерді шешуге қажетті құжаттарды бір ай мерзімде дайындауды тапсырды.