Үкімет басшысы "Самұрық-Қазына" қорының басшысы алдына бірқатар мақсаттар қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы "Самұрық-Қазына" қорының басшысы алдына бірқатар мақсаттар қойды

Үкімет басшысы "Самұрық-Қазына" қорының басшысы алдына бірқатар мақсаттар қойды

Астана. 14 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов жаңадан құрылған "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының жаңа басшысы қайрат Келімбетовты ұжымға таныстыру барысында басшының алдына бірқатар мақсаттар қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 14 Қазан 2008
  • 438
Фото - Caravan.kz

«Қайрат Нематұлы, сіздің алдыңызға бірден бірнеше оперативтік мақсат қоямын. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын құру туралы президент жарлығынан туындайтын үкіметтің барлық қаулылары жұма күнгі арнаулы отырысқа дейін дайын болсын. Президент елімізде кейінгі екі жылда жасалған басты инвестициялық жобалар бойынша басты мәселелер осы жылдың аяғына дейін шешімін табатын болсын деп айқын тапсырма берді, жыл қорытындысы бойынша олардың шешілуі туралы біз мемлекет басшысына есеп беруге тиіспіз, сізге берілетін екінші жедел тапсырма осы. Сіздің қолыңызда Қазақстан алдағы барлық сынақтардан лайықты әрі сүрінбей өтуіне қажетті барлық мүмкіндіктер мен тетіктер бар»,- деді Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар