Өкілдер Приозерск қаласында бірнеше сағат аялдайды. Үкімет басшысы мұнда Сарышаған сынақ алаңындағы бірқатар нысандардың жұмысымен танысады.
Премьер-министр «Камбала» әуежайындағы әскери-техникалық кешенді аралап, зымырандарды алыс және таяу қашықтықтан қармап алу кешендерін дайындау нысандарымен танысады. Сынақ алаңындағы нысандарды аралайтын үкімет басшысы Даниал Ахметовпен Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің генерал-майоры, «Сарышаған» полигонының бастығы Вилор Матлашов бірге жүреді. Атап айтсақ, Д.Ахметов МиГ-31 ұшақтарына арналған ангарды аралап көреді. Сондай-ақ, үкіметтік өкілдер әуеден қорғаныс күштері орталығының жұмысымен танысу үшін «қауіп-қатер нысаны» деп аталатын орталықта болады. Сондай-ақ, үкімет басшысы радиоэлектроника және байланыс орталығының командалық бөлімшесінің іс-қызметімен көзбе-көз танысады деп жоспарланған.
Түстен кейін үкімет басшысы Ақтөбеге ұшып кетеді.